12.12.2025 23:06
Салах қатарға оралды
12.12.2025 23:06
«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах команда құрамына қосылды

33 жастағы вингер бүгін бас бапкер Арне Слотпен жеке сөйлесіпті. Нәтижесінде Салах Ағылшын Премьер-лигасының 16-турындағы «Брайтонға» қарсы ойынға шақырту алды.
Осыған дейін Салах Слотқа назын білдіріп, қыста клубтан кетуі мүмкін екенін айтқан еді. Салдарынан ол Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы матчтан тыс қалды.
Айта кетейік, Салах ертең, 13 желтоқсанда өтетін матчтан кейін Египет Ұлттық құрамасымен Африка кубогына аттанады.