03.12.2025 04:41
«Манчестер Сити» 5:4 есебімен жеңіске жетті
03.12.2025 04:41
Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Фулхэмді» 5:4 есебімен жеңді

«Қалалықтар» сапында Фил Фоден дубль жасаса, Эрлинг Холанд пен Тиджани Рейндерс бір голдан соқты. Сондай-ақ Сандер Берг автогол авторы атанды.
Осылайша 28-ұпайын олжалаған Манчестердің клубы турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Сандерлендті» қабылдайды.