11.06.2026 12:34
«Манчестер Сити» Эллиот Андерсонға ресми ұсыныс жасады
11.06.2026 12:34
«Манчестер Сити» «Ноттингем Форесттің» жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсонге көз тікті

The Guardian хабарлауынша, «қалалықтар» 23 жастағы англиялық ойыншы үшін екінші рет ұсыныс жасапты. Бұл жолы 106 миллион фунт стерлинг және үстіне бонус ретінде 16 миллион беруге дайын болған. Бірақ «орманшылардың» қожайыны Эвангелос Мариканис таза 125 миллион сұрап отыр.
Андерсон биылғы маусымда 50 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.