10.06.2026 14:29
«Манчестер Сити» ойыншысы «Барселонаға» ауысуы мүмкін
10.06.2026 14:29
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, оған «Барселона» қызығушылық танытуда. Каталонияның клубы Стоунзды жазда еркін агент ретінде алғысы келеді.
32 жастағы англиялық ойыншы 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, 2016 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлап қойған еді.