12.02.2026 20:39

«Манчестер Сити» ойыншысы «Баварияға» ауысуы мүмкін

12.02.2026 20:39

«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз жазда клубтан кетуі мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.

Қазіргі таңда Джонға «Бавария» және Еуропаның өзге де клубтары көз тігіп отыр. Ол Мюнхеннің клубымен жақында байланысқа шығып, келіссөз жүргізіпті. Стоунзбен бірге ойнаған Венсан Компани және Харри Кейн оны өз командасында көргісі келеді екен.

31 жастағы ағылшын ойыншысы «қалалықтардың» намысын 2016 жылдан бері қорғап келеді. Осы маусымда Джон 13 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram