12.02.2026 17:09
Тухель Англия құрамасында қалды
12.02.2026 17:09
Англия құрамасы бас бапкері Томас Тухельмен келісімшартты ұзартты

Қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұған сәйкес, Тухель мен оның штабы команданы Еуро-2028 турниріне бастап барады.
52 жастағы неміс маманы «үш арыстандарды» 2025 жылдың қаңтар айынан бері жаттықтырып келеді. Осы аралықта 10 матчта тоғыз рет жеңіске жетіп, бір мәрте қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, Англия биылғы Әлем чемпионатында Хорватия, Гана және Панамамен L тобында ойнайды.