15.12.2025 10:49

«Марсель» XXI ғасырдағы үздік нәтижесін тіркеді

15.12.2025 10:49

Франция Бірінші лигасының 16-турында «Марсель» өз алаңында «Монаконы» 1:0 есебімен жеңді

Осылайша «ақ-көгілдірлер» 2025 жылы ішкі біріншіліктің аясында төл стадионы «Велодромда» соққан голын 56-ға жеткізді.

Бұл 1971 жылдан бергі үздік көрсеткіш. Ол жылы клуб «үйінде» 62 доп тоғытқан. Ал ең жоғары нәтижесі сонау 1948 жылы (69 гол) тіркелген екен.

Айта кетейік, 16 турдан кейін 32 ұпай жинаған Роберто де Дзерби шәкірттері турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram