30.12.2025 12:14
Маурицио Сарриге ота жасалды
30.12.2025 12:14
«Лацио» бас бапкері Маурицио Сарридің жүрегіне ота жасалды

Бұл туралы Рим клубының баспасөз қызметі хабарлады. Операция сәтті өтіпті. Енді 66 жастағы маман бірнеше аптадан кейін қатарға оралады.
Сарри «Лационы» өткен жазда тізгіндеген еді. Оған дейін 2021-2024 жылдары жаттықтырған.
17 турдан кейін 24 ұпай жинаған «Лацио» Италия А Сериясында сегізінші орында келеді.