01.12.2025 16:56

Мбаппе 60 гол соқты

01.12.2025 16:56

Мбаппе 2025 жылы «Реал» мен ұлттық құрама үшін 60 гол соқты

«Реал» Ла Лиганың 14-турында «Жиронамен» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл матчта мадридтіктердің жалғыз голын Килиан Мбаппе 67-минутта пенальтиден соқты.

Бұл гол Килианның клуб пен ұлттық құрама үшін 2025 жылы соғылған 60-шы голы болды (53 – «Реал» үшін, 7 – Франция құрамасы үшін).

Мбаппе тарихта күнтізбелік жыл ішінде «Реал» үшін кем дегенде 53 гол соққан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұны бес рет Криштиану Роналду жасаған.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram