12.02.2026 09:49
Месси қатардан шықты
12.02.2026 09:49
«Интер Майами» жұлдызы Лионель Месси жарақат алды

38 жастағы вингер «Барселона Гуаякильге» (2:2) қарсы жолдастық кездесуде сол аяғының бұлшық етін ауыртып алыпты.
Осыған байланысты командамен болған соңғы жаттығуға қатыспаған екен. Ал қатарға қашан оралатыны әзірге нақты белгісіз.
Месси «Интер Майами» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол былтыр 49 матчта 43 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.