09.12.2025 12:49
«Милан» жұлдызы жарақат алды
09.12.2025 12:49
«Милан» шабуылшысы Рафаэл Леау жарақат алды

26 жастағы Португалия вингері «Ториноға» (3:2) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, 31-минутта алаңдағы орнын босатты.
Енді ол жақында медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақаттың қаншалықты ауыр екені белгілі болады.
Айта кетейік, Леау осы маусымда 12 ойында алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді.