09.12.2025 10:55

Салах «Реал» немесе «Барселонаға» ауысуы мүмкін

09.12.2025 10:55

«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, 33 жастағы вингер «Барселона», «Реал» немесе «Баварияға» ауысуға дайын. Бірақ аталған клубтардан әлі ресми ұсыныс түспепті. Қазір оған тек Сауд Арабиясы командалары қызығушылық танытып отыр екен.

Осыған дейін Салах бас бапкер Арне Слотқа назын және қыста клубтан кетуі мүмкін екенін айтқан еді. Салдарынан ол Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы ойынға шақырылмады.

Мысыр дүлдүлі «Ливерпуль» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 420 ойында 250 гол соғып, 116 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram