09.12.2025 09:48
«Манчестер Сити» Арда Гүлерге көз тікті
09.12.2025 09:48
Родриге қатысты тосын ұсыныс жасалды

Испанияның Defensa Central басылымы таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Манчестер Сити» «Реал Мадридтің» жас жұлдызы Арда Гүлерді қатарға қосуды көздеп отыр. Ағылшын клубы тіпті өздерінің негізгі ойыншысы саналатын жартылай қорғаушы Родриді айырбас ретінде ұсынуға дайын екені хабарланған.
Алайда Мадрид клубы бұл нұсқаға мүлде қызығушылық танытпаған. «Реал» тек 20 жастағы Гүлерді сатуды да, ойыншылар алмасу арқылы беруді де жоспарлап отырған жоқ. Клуб басшылығы талантты футболшыны болашақта негізгі құрамның маңызды бөлігі ретінде көретінін бірнеше мәрте мәлімдеген.
Ақпарат көздеріне сенсек, Пеп Гвардиола Арда Гүлердің техникасы мен ойын интеллектісіне ерекше баға береді. «Сити» бас бапкері трансфердің жүзеге асуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.