09.12.2025 09:05
«Манчестер Юнайтед» рекорд орнатты
09.12.2025 09:05
Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Вулверхэмптонды» ойсырата жеңді

«Молинью» стадионында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Матч барысында манкуниандықтар Сэм Джонстоун қорғаған қақпаға 27 соққы бағыттады. Бұл – Рубен Аморим тұсындағы команданың ең үздік көрсеткіші.
Бұған дейінгі рекорд 2023 жылы «Челсиге» қарсы ойында тіркелген. Ол кезде Эрик тен Хагтың шәкірттері қақпаға 27 мәрте тепкен.
Айта кетейік, 15 турдан кейін 25 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» ішкі біріншілікте алтыншы орында келеді.