09.12.2025 09:43
Палмер «Аталантаға» қарсы ойнамайды
09.12.2025 09:43
«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер «Аталантаға» қарсы ойынға қатыспайды

Бұл туралы команданың бас бапкері Энцо Мареска баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– «Ол үш күнде екі матчқа қатыса алмайды. Сондықтан оған демалыс беруді жөн көрдік. Мұны сақтық шарасы деп біліңіздер»,– деді 45 жастағы маман.
23 жастағы ағылшын соңғы екі матчта алаңда 88 минут уақыт өткізді. Oған дейін түрлі жарақатына байланысты 14 ойыннан тыс қалған.
Палмер осы маусымда жалпы алты матч өткізіп, екі гол соқты. Ал Чемпиондар лигасының 6-туры аясында өтетін «Аталанта» – «Челси» кездесуі бүгін, 9 желтоқсан сағат 01:00-ге жоспарланған.