17.10.2025 08:45

«Миланның» тағы бір ойыншысы жарақат алды

17.10.2025 08:45

«Милан» ойыншысы Адрьен Рабьо жарақат алды

30 жастағы жартылай қорғаушы Франция құрамасында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты бірнеше апта командасына көмектесе алмайды. Ал нақты қашан оралатыны 10 күннен кейін өтетін медициналық тексерістің нәтижесінде белгілі болады.

Бұған дейін «россонеридің» қос вингері Алексис Салемакерс пен Кристиан Пулишич қатардан шыққан еді.

Алты ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Милан» Италия біріншілігінде үшінші орында келеді. Массимилиано Аллегри шәкірттері келесі кездесуін 19 қазан күні «Фиорентинаға» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram