22.12.2025 21:36
Минамино қатардан шықты
22.12.2025 21:36
«Монако» жартылай қорғаушысы Такуми Минамино жарақат алды

30 жастағы хавбек Франция кубогының 1/32 финалы аясындағы «Осерге» (2:1) қарсы ойында сол жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты.
Осыған байланысты Такуми қатардан шықты. Ал оның қашан оралатыны жақында белгілі болады. Жапония дүлдүлі тіпті 2026 жылғы Әлем чемпионатынан тыс қалуы бек мүмкін.
Минамино осы маусымда 21 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.