18.10.2025 12:45

Модрич «Реалға» оралуы мүмкін

18.10.2025 12:45

«Милан» ойыншысы Лука Модрич мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікке бет бұруы мүмкін

Defensa Central мәліметінше, 39 жастағы жартылай қорғаушы бутсасын шегеге ілгеннен соң арнайы лицензия алып, тәлімгер болғысы келеді.

Лука «Реал» академиясында шәкірт тәрбиелеуді қатты қалайды екен. Ол мансабының 13 жылын (2012-2025) Мадрид клубында өткізген еді.

Модрич осы маусымда жеті ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram