30.12.2025 22:07
Мусиала қашан оралады?
30.12.2025 22:07
«Бавария» жартылай қорғаушысы Жамал Мусиаланың жағдайы белгілі болды

Bild хабарлауынша, Мусиала қазір жеке бағдарлама бойынша шынығып жүр. 22 жастағы Германия жартылай қорғаушысы топтық жаттығуға қаңтарда қосылады. Ал алаңға айдың аяғында оралады деп күтілуде.
Осыған дейін Жамал 5 шілде күні өткен клубтар арасындағы Әлем чемпионаты аясындағы ПСЖ-ға қарсы ойында тобығын шығарып, кіші жілігін сындырып алған еді. Содан бері ол алаңға шықпады.
Мусиала өткен маусымда жалпы 44 ойын өткізіп, 21 гол мен сегіз ассисттің авторы атанды.