30.12.2025 18:46
Трент «Реалдан» кетуі мүмкін
30.12.2025 18:46
«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд клубтан кетуі мүмкін

Defensa Central хабарлауынша, оны «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Ньюкасл» өз қатарынан көргісі келеді. Аталған клубтар келер жылы 27 жастағы Англия құрамасының ойыншысына 40 миллион еуро ұсынуға дайын екен.
Трент Мадридтің клубына өткен жазда «Ливерпульден» ауысып келген еді. Осы аралықта 16 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.