08.12.2025 02:45

«Наполи» «Ювентустен» басым түсті

08.12.2025 02:45

Италия А Сериясының 14-турында «Наполи» өз алаңында «Ювентусты» тізе бүктірді

Диего Марадона атындағы стадионда өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Расмус Хейлунд дубль авторы атанды. Ал «Ювентустың» жалғыз голын Кенан Йылдыз соқты.

Осылайша Неапольдің клубы 31-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш бастады. 23 ұпайы бар Турин ұжымы болса жетінші орында қала береді.

Келесі турда Антонио Контенің шәкірттері «Удинеземен» ойнаса, Лучано Спаллеттидің командасы «Болоньямен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram