07.12.2025 18:10

Серхио Рамос клубсыз қалды

07.12.2025 18:10

Серхио Рамос «Монтеррейден» кетті

39 жастағы қорғаушы 31 желтоқсанда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Бүгінгі «Толукаға» (2:3) қарсы матч Рамос үшін Мексика клубындағы соңғы ойыны болды.

Бірақ Испания құрамасының бұрынғы капитаны мансабын аяқтамайды екен. Серхио басқа клубтардың ұсынысын қарастырып көреді.

Айта кетейік, Рамос «Монтеррейде» ақпан айынан бері ойнап келеді. Осы аралықта 31 матчқа қатысып, жеті гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram