07.12.2025 17:01
Салах Саудияға кетуі мүмкін
07.12.2025 17:01
«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, Мысыр ойыншысына «Әл-Хиләл» мен «Әл-Иттихад» көз тігіп отыр. Саудияның қос клубы алдағы қыста «Ливерпульге» 80-100 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын.
Сондай-ақ 33 жастағы вингерге MLS клубтары да қызығушылық білдірген. Бірақ олардың Саудия ұжымдары секілді ақша жұмсауға ниеті жоқ екен.
Осыған дейін Салах жақында Мерсисайд клубынан кетуі мүмкін екенін айтқан еді.
Айта кетсек, Салах осы маусымда 19 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.