07.12.2025 16:13
Кейн Бундеслигада үздіктер қатарына қосылды
07.12.2025 16:13
Бундеслиганың 13-турында «Бавария» сырт алаңда «Штутгартты» 5:0 есебімен жеңді

Харри Кейн бұл матчта Бундеслигадағы 10-шы хет-тригін жасады. Осылайша Германия біріншілігіндегі хет-трик саны бойынша турнир тарихындағы үздік бес футболшының қатарына қосылды.
Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы сатыға Герд Мюллер (32), Роберт Левандовски (16), Клаус Фишер (13) және Юпп Хайнкес (11) жайғасқан.
Айта кетейік, Кейн «Бавария» сапына 2023 жылы «Тоттенхэмнен» ауысып келген еді. Осы аралықта ішкі чемпионатта 76 матчта 79 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.