07.12.2025 17:43

Ян Зоммер «Интерден» кетеді

07.12.2025 17:43

«Интер» қақпашы Ян Зоммермен қош айтысады

36 жастағы Швейцария ойыншысының Милан клубымен қазіргі келісімшарты 30 маусым күні күшін жояды. Николо Скираның хабарлауынша, оны ұзарту туралы келіссөз жүріп жатқан жоқ. Сондықтан Зоммердің командада қалуы неғайбыл болып тұр.

Ал «нерадзурри» Зоммердің орнына «Тоттенхэмнен» Гульельмо Викарионы алғысы келеді. Викарионың өзі де отанына оралуды қалап отыр екен.

Зоммер «Интерге» 2023 жылы «Бавариядан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 17 ойында 15 гол жіберіп, тоғыз матчта қақпасына доп өткізбеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram