07.12.2025 17:57

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының төрешілері белгілі болды

07.12.2025 17:57

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 6-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Олимпиакосты» қабылдайды

Бұл матчта Испаниядан келген төрешілер тобы жұмыс істейді.

Атап айтсақ, бас төреші қызметін Хуан Мартинес Мунуэра атқарады. Оған қос қапталдан Иньиго Приньето мен Рауль Кабаньеро көмектеседі. VAR жүйесіне Карлос дель Сьерро мен Хавьер Иглесиас Вильянуэва жауапты. Ал Хавьер Альберола төртінші қазы болады.

«Астана Аренада» өтетін кездесу 9 желтоқсан күні сағат 20:30-ға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram