01.03.2026 00:09
«Наполи» жеңісті жұлып әкетті
01.03.2026 00:09
Италия А Сериясының 27-турында «Наполи» сырт алаңда «Веронаны» тізе бүктірді

Марк Антонио Бентегонди атындағы стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Матчта алғаш болып Расмус Хейлунд 2-минутта есеп ашса, 65-минутта Жан Даниэль Акпа-Акпро таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын 90+6-минутта Ромелу Лукаку соқты.
Осылайша Неапольдің клубы 53-ұпайын қанжығасына байлап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Антонио Контенің шәкірттері келесі турда 6 наурыз күні «Ториноны» қабылдайды.