28.02.2026 22:13

«Барселона» «Вильярреалдан» басым түсті

28.02.2026 22:13

Испания Ла Лигасының 26-турында «Барселона» өз алаңында «Вильярреалды» 4:1 есебімен жеңді

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Ламин Ямаль хет-трик жасаса, Роберт Левандовски бір мәрте мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Папе Гуйе соқты.

Осылайша «блауграна» 64-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басында қалды.

Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 7 наурыз күні «Атлетикке» қонаққа барады. Одан төрт күн бұрын Испания кубогы жартылай финалының қарымта матчында «Атлетикомен» (0:4) кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram