28.02.2026 21:16
Ханси Флик «Барселонадағы» 100-матчын өткізді
28.02.2026 21:16
Испания Ла Лигасының 26-турында «Барселона» өз алаңында «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңіп жатыр

Бұл Ханс-Дитер Фликтің «Барселона» тізгініндегі 100-матчы болды. 61 жастағы неміс бапкері «блаугрананы» 2024 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Оның шәкірттері 74 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түссе, 16 ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ ол командамен бірге Испания чемпионы атанып, Ел кубогын бір мәрте және Ел Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды.
«Барселона» мен «Вильярреал» арасындағы кездесуде дәл қазір үзіліс.