20.06.2026 15:57
Неймар Шотландияға қарсы ойнауы мүмкін
20.06.2026 15:57
Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардың жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Карло Анчелоттидің айтуынша, бұлшық етін зақымдап алған ол ертең жеке өзі шынығады. Сосын жексенбі күні командамен жаттығады және 25 маусым күні өтетін Шотландияға қарсы ойынға шақырту алады екен.
34 жастағы «Сантос» дүлдүлі бұған дейін Марокко (1:1) және Гаитимен (3:0) ойыннан тыс қалған еді.