16.06.2026 19:51

Нико Пас «Реалға» ауыспайды

16.06.2026 19:51

«Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пас клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол «Реал» басшылығына «Комода» тағы бір маусым ойнайтынын айтып қойды. Пас Бернарду Силваның «Реалға» ауысқанына байланысты ойынан айнып қалыпты. Бірақ клубтар әлі де келіссөз жүргізіп жатыр, демек ештеңе шешілген жоқ.

«Лариани» Пасты 2024 жылы «Реалдан» алты миллион еуроға сатып алған еді. 21 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы биыл аяқталған маусымда 40 матчта 13 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram