16.06.2026 13:47

Туниске бас бапкер тағайындалды

16.06.2026 13:47

Эрве Ренар Тунис Ұлттық құрамасын тізгіндеді

Қос тарап Әлем чемпионаты кезінде жарамды болатын келісімшартқа қол қойды.

«Карфаген қырандары» Әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі алғашқы матчта Швецияға 1:5 есебімен есе жіберген еді. Содан кейін бас бапкер Сабрин Лямушиді қуып жіберді.

Ал Ренар соңғы рет Сауд Арабиясын 2024-2026 жылдар аралығында жаттықтырған. 57 жастағы француз маманы оған дейін «Лилльді» және Марокко, Кот-д'Ивуар, Замбия және Ангола құрамаларын баптаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram