16.06.2026 12:36
ПСЖ ойыншысымен келісімшартты ұзартады
16.06.2026 12:36
Сенни Маюлю ПСЖ-да қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты жақында 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Сенниге Англияның екі клубы «құда түскен» екен, бірақ өзі Парижде қалуды жөн көрген.
20 жастағы француз жартылай қорғаушысы ПСЖ-ның негізгі командасында 2024 жылдан бері ойнап келеді. Ол биыл аяқталған маусымда 41 матчта алты гол соғып, бес нәтижелі пас берді.