16.06.2026 08:28

Иран мен Жаңа Зеландия ұпай бөлісті

16.06.2026 08:28

Әлем чемпионатының бірінші турында Иран Жаңа Зеландиямен тең ойнады

АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Иран сапында Рамин Резаян мен Мохаммад Мохеби гол соқты. Ал Жаңа Зеландия құрамында Элайджа Джаст дубль жасады.

Осылайша G тобындағы барлық команда бір ұпайдан олжалады. Бұған дейін Бельгия – Египет (1:1) матчында жеңімпаз анықталмаған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram