16.06.2026 05:16
Сауд Арабиясы мен Уругвай тең тарқасты
16.06.2026 05:16
Әлем чемпионатының бірінші турында Сауд Арабиясы Уругваймен тең ойнады

АҚШ-тың Флорида штатындағы «Хард Рок Стэдиумде» өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Ойынның 41-минутында Абдулелах Әл-Амри есеп ашса, 80-минутта Максимилиано Араухо таразы басын тең етті.
Осылайша Н тобындағы барлық команда бір ұпайдан еншіледі. Бұған дейін Испания Кабо-Вердені (0:0) жеңе алмаған еді.