16.06.2026 12:06
Очоа мансабын аяқтайды
16.06.2026 12:06
Мексика құрамасы мен Кипрдың АЕЛ клубының қақпашысы Гильермо Очоа 40 жасында мансабын аяқтайды

«Мексика құрамасы менің өмірдегі компасым болды. Мансабымда да, ғұмырымда да бағыт-бағдар берді. Карьерамды Ұлттық құрамасыз елестете алмаймын. Құрамадағы мансабым аяқталып бара жатқандықтан, әрі қарай футбол ойнаудың мәні жоқ. Мұны жалғастыруға себеп көріп тұрған жоқпын. Әлем чемпионатындағы әр сәттен ләззат алып жүрмін. Алаңда барымды салдым. Мансабымның осындай керемет болғанына мақтанамын және басымды көтеріп, футболдан әдемі кетемін»,– деді Очоа.
Гильермо футболдағы жолын 2003 жылы бастаған еді. Ол алтыншы Әлем чемпионатына қатысып жатыр.