16.06.2026 12:19
Месси Алжирге қарсы ойнай ма?
16.06.2026 12:19
Аргентина құрамасының дүлдүлі Лионель Мессидің жағдайы белгілі болды

TyC Sports хабарлауынша, 38 жастағы «Интер Майами» вингері жарақатынан айықты және Әлем чемпионатындағы алғашқы матчта алаңға шығады.
Аргентина мен Алжир арасындағы кездесу ертең, 17 маусым күні таңғы сағат 06:00-ге жоспарланған. Одан бөлек J тобында Аустрия мен Иордания бар.