18.10.2025 11:22
Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуы мүмкін
18.10.2025 11:22
Мануэль Нойердің «Бавариямен» келісімшарты келер жазда аяқталады

Süddeutsche Zeitung мәліметінше, Мюнхен клубы 39 жастағы қақпашыға тағы бір жылға жарамды құжат ұсынды.
Егер неміс голкипері бұл ұсынысты қабылдаса, жақында келісім 2027 жылдың маусым айына дейін ұзартылады.
Нойер «Бавария» намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 570 матчта 465 гол жіберіп, 269 ойында қақпасына доп өткізбеді.