13.10.2026 15:39

Нойер қатардан шықты

13.10.2026 15:39

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер қатардан шықты

40 жастағы германиялық қақпашы «Аугсбургке» қарсы кездесуде (2:2) тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол Чемпиондар лигасы аясында бүгін өтетін «Викингке» қарсы ойынға қатыспайды. Оның орнына алаңға Йонас Урбиг шығады.

Нойер осы маусымда алты матчта төрт доп өткізіп, үш ойында гол жібермеді. Бұған дейін Ману қақпасына Бундеслига тарихындағы ең жылдам гол соғылған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram