12.10.2026 16:35

Собослаи қатардан шықты

12.10.2026 16:35

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи қатардан шықты

25 жастағы венгриялық ойыншы жамбас бұлшық етіндегі жарақатына байланысты кешегі «Манчестер Ситиге» (0:3) қарсы кездесуден тыс қалған еді.

Бас бапкер Андони Ираоланың айтуынша, ол соның салдарынан 14 қазан күні Чемпиондар лигасы аясында өтетін ЛАСК-қа қарсы ойынға қатыспауы мүмкін.

Собослаи Мерсисайдтың клубына 2023 жылы «Лейпцигтен» 70 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда жеті матчқа қатысып, үш гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram