08.02.2026 12:24

Палмер рекорд орнатты

08.02.2026 12:24

«Челси» дүлдүлі Коул Палмер рекорд орнатты

23 жастағы жартылай қорғаушы «Вулверхэмптонға» (3:1) қарсы матчтың алғашқы 38 минутында үш гол соқты.

Осылайша ол «Челси» сапында АПЛ-де ең көп хет-трик жасаған ойыншы атанды. Ол төртінші рет хет-трик авторы атанып, Дидье Дрогба мен Фрэнк Лэмпардтың (екеуі де – үш) көрсеткішін жаңартты.

Сондай-ақ Коул үш мәрте АПЛ матчының бірінші таймында хет-трик жасаған тарихтағы алғашқы футболшы болып тіркелді.

Палмер осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram