01.12.2025 07:30

Пеллегрини «Бетисте» қалады

01.12.2025 07:30

«Бетис» Пеллегринимен келісімшартты ұзартты

Бас бапкер Мануэль Пеллегрини «Бетиспен» келісімшартын ұзартты. Енді жаңа келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін есептелген. Алдыңғы келісім 2026 жылдың жазында аяқталатын.

Пеллегрини «Бетисті» 2020 жылдың тамызынан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен команда 2022 жылы Испания кубогын жеңіп алды. Ал 2025 жылы Конференция лигасының финалына дейін жетіп, «Челсиге» (1:4) жол берді.

Мануэль қатарынан 5 маусым бойы «Бетисті» еурокубоктарға шығарып келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram