07.04.2026 18:25
ПСЖ жұлдызы «Ливерпульге» қарсы ойнамайды
07.04.2026 18:25
ПСЖ вингері Брэдли Барколяның жағдайы белгілі болды

RMC Sport хабарлауынша, ол тобығын созып алғаннан кейін қалыпқа келу процесінен өтіп жатыр. Брэдли жарақатынан ойлағаннан да ерте айығып қалуы мүмкін, бірақ ертең, 8 сәуірге жоспарланған Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Ливерпульге» қарсы бірінші матчқа дайын болмайды екен.
Барколя осыған дейін Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Челсиге» (3:0) қарсы қарымта ойында оң аяғының тобық байламын созып алған еді. Ол содан бері алаңға шықпады.
23 жастағы француз вингері осы маусымда 38 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.