09.02.2026 14:46
Пулишичке АПЛ клубы қызығушылық білдірді
09.02.2026 14:46
«Милан» вингері Кристиан Пулишич Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

GiveMeSport хабарлауынша, 27 жастағы америкалық ойыншыға «Тоттенхэм» көз тігіп отыр. Ал «россонери» оны келер жазда шамамен 55 миллион еуроға сатуға дайын екен.
Пулишич «Миланға» 2022 жылы «Челсиден» 20,8 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 20 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.