05.04.2026 20:08
«Қайрат» «Астананы» ірі есеппен жеңді
05.04.2026 20:08
Қазақстан Премьер-лигасының 4-турында «Қайрат» өз алаңында «Астананы» 4:0 есебімен тізе бүктірді

«Орталық» стадионында өткен кездесуде Жоржиньо дубль жасаса, Дастан Сәтпаев пен Александр Мартынович бір голдан соқты.
Осылайша «сары-қаралар» 10-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш бастады. Ал Елорданың клубы жеті ұпаймен бесінші орында қалды.
Келесі турда Рафаэль Уразбахтин шәкірттері «Тобылға» қонаққа барады, ал Григорий Бабаянның командасы «Ордабасыны» қабылдайды.