09.12.2025 14:52

«Қайрат» «Олимпиакосты» тізе бүктірді

09.12.2025 14:52

УЕФА Жастар Чемпиондар лигасының соңғы турында «Қайрат» U19 командасы өз алаңында «Олимпиакостан» басым түсті

«Астана Аренада» өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Бізден Рамазан Бағдат пен Мұхамедәли Әбіш гол соқты.

Осылайша Алматының ұжымы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Сары-қаралар» бастапқы бес турда төрт рет жеңіліп, бір мәрте тең ойнаған еді. Нәтижесінде плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram