13.10.2025 14:43
«Қайрат» – «Пафос» матчына билеттер қанша тұрады?
13.10.2025 14:43
УЕФА Чемпиондар лигасының 3-турында «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды

Бүгін, 13 қазанда Freedom SuperApp және Qairat SuperApp қосымшаларында матчтың билеттері сатылымға шықты.
Назарларыңызға әр трибунадағы билеттердің бағасын ұсынамыз.
Солтүстік трибуна, 20-28 секторлар – 30 000 теңге
Оңтүстік трибуна, 49-58 секторлар – 30 000
Батыс трибуна, 1-9 секторлар (1-3 қатар) – 30 000
Шығыс трибуна – 75 000
Солтүстік трибуна, 18-19 секторлар – 75 000
Оңтүстік трибуна, 59-60 секторлар – 75 000
Батыс трибуна, 10-11, 16-17, 1-9 секторлар (4-қатар және одан жоғары) – 150 000
Батыс трибуна, 12-15 секторлар – 250 000
Аталған кездесу 21 қазан күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Ойын 21:45-те басталады.
«Сары-қаралар» алғашқы екі турда «Реал» (0:5) мен «Спортингке» (1:4) жеңіліп, турнир кестесінде соңғы 36-орында келеді.