26.02.2026 03:39
«Реал» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
26.02.2026 03:39
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Реал» өз алаңында «Бенфиканы» 2:1 есебімен жеңді

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесуде алаң иелері сапында Орельен Тчуамени мен Винисиус Жуниор гол соқты.
Осылайша «бланкос» қос матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі кезеңде «Манчестер Ситиге» немесе «Спортингке» қарсы ойнайды.