25.07.2026 21:44
«Реал» Диомандқа келісімшарт ұсынды
25.07.2026 21:44
«Лейпциг» вингері Ян Диоманд клуб ауыстыруға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Реал» оған 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт дайындап қойды.
Ал Флориан Плеттенбергтің ақпаратына сүйенсек, Диоманд үшін таласқа «Манчестер Сити» де қосылды және трансфер үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын. Осыған дейін мұндай соманы «Реал» мен «Ливерпуль» ұсынып, «Лейпциг» қабылдамаған.
19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы өткен маусымда 36 матчта 13 гол соғып, он нәтижелі пас берді