25.07.2026 15:27
«Реал» Диомандты 115-120 млн еуроға алады
25.07.2026 15:27
«Лейпциг» вингері Ян Диоманд «Реалға» ауысуға жақын

AS журналисі Хосе Феликс Диастың хабарлауынша, Мадридтің клубы футболшымен келісімшарт бойынша келісімге келді. Ал «Лейпцигке» трансфер үшін шамамен 115-120 миллион еуро төлейді екен.
19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы өткен маусымда 36 матчта 13 гол соғып, он нәтижелі пас берді.